×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Тоқаев майнерлер қызметін реттейтін заңға қол қойды

06.02.2023, 18:38
Ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық активтер және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"ҚР-дағы цифрлық активтер туралы" заң және оған қосымша түзетулер пакеті майнерлердің қызметін реттейтін болады.

Атап айтқанда, құжатта салық салу мақсатында цифрлық майнерлердің кірісі мен пулы туралы мәліметтерді ұсынуға қатысты нормалар қамтылған.

Құжаттар Қазақстандағы цифрлық активтер мен майнинг қызметін дамыту жөнінде құқықтық база жасау, субъектілердің қызметіне салықтық мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ цифрлық активтер саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті жүктеу мақсатында әзірленді.

Серіктес жаңалықтары