×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Елшілік Түркиядағы қазақстандықтарға үндеу жасады

07.02.2023, 14:44
Reuters

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі жер сілкінісі болған аумақтан шыққысы келетін ел азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс аумағында болған жер сілкінісіне байланысты 7 ақпанда Газиантеп қаласынан Қазақстан азаматарын алып шығу іс-шаралары жүргізілуде. Осы ретте Қазақстанға қайтамын деген ҚР азаматтары болған жағдайда 7 ақпанда сағат 12:00-де Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процедуралардан өтіп (паспорт бақылауы, қауіпсіздік тексеріс және т.б), дайын болуы тиіс», - деп хабарлады елшілік.

Қазақстанға оралуға ниетті азаматтардың тізімін жасау үшін міндетті түрде төмендегі байланыстарға хабарласу керек. 

  • 1. +90 538 880 70 41 – консул – Темірлан Сайлауұлы
  • 2. + 90 312 491 91 00 – кезекші комендант.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 7,4 балдық жер сілкінісі болды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айып, Қазақстан көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Бүгін қазақстандық дәрігерлер мен құтқарушылар зілзаладан зардап шеккендерге көмектесу үшін Түркияға аттанды.

Серіктес жаңалықтары