×
472.68
466.91
8.01
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.68
466.91
8.01

«Қайталамаймын» - Скляр өзінің отставкаға кетуі жайлы

14.03.2022, 14:58
Фото: ашық дереккөзден

Бірінші вице-премьер Роман Скляр отставкаға кету туралы сұраққа жауап бергісі келмеді.

"Мен отставка туралы бұдан бұрын айттым. Қайталамаймын", - деді ол утилалымға қарсы топ талабын орындайсыз ба деген Ulysmedia.kz сауалына.

Сондай-ақ, журналист қант тапшылығына байланысты сауда министрі отставкаға кетуі керек пе деп сұрады.

"Міне, өзінен сұраңыз, ол да мен сияқты вице-премьер", – деп жауап берді Скляр.

 1 наурызда Скляр автокөлік пен ауылшаруашылық техникасы үшін утилалымға қарсы популистік ұрандарға көнбейтінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасына утилалым мөлшері 50% - ға төмендеген болатын. Бұл шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін қабылданды.

Қоғамды бұл шешім аса қанағаттандырмады. "Нетутильбору" қозғалысы автокөлік үшін утилалымды 10 есе азайтуды талап еткен. Сонымен қатар,  шет елдерден машиналарды әкелу кезінде жоғары тіркеу төлемі мәселесі шешілмеген, бұл көліктің соңғы құнына әсер етеді.

Елдегі қант жағдайы да шиеленісті.

Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы дүкеннен адамдар қант алуға кезекте тұрған видео пайда болды. Соңғы екі күнде облыс орталығында қантқа сұраныс 5 есеге артты.

Қарағанды облысы әкімдігі тұрғындардан дүрбелең тудырмауды және дүкендерден азық-түлік өнімдерін жаппай сатып алмауды сұрады. Ай басынан облыстың коммерциялық қоймаларына 2 240 тонна тауар келіп түсті. 18 наурызға дейін тағы 1 500 тонна жеткізіледі. Сонымен қатар, "Сарыарқа" ӘКК тұрақтандыру қорында 723 тонна бакалея өнімдері сақталуда.

Шенеуніктер қолда бар қор облыстағы қант, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы, күріш және т. б. қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті екенін атап өтті.

Осыған ұқсас жағдай Атырауда да байқалады, онда қант бағасы өсті, ал кейбір дүкендерде мүлдем жоғалып кетті.

Базарларда және шағын дүкендерінде қант бағасы бір килограмм үшін 500 теңгеге дейін көтерілді. Атыраудың "ӘКК " жаңа жылдан бастап қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде қант жоқ деп жауап берді.

"Атырау облысы бойынша екі айға өнім қоры бар. Орташа бағасы - 333 теңге", – деді "Атырау" ӘКК-де.

Орал тұрғындары көптеген дүкендерде қант жоғы туралы хабарлады. Кейбір сауда орындарында ұнтақ қант шектеулі мөлшерде шығарылады — бір қолға 3-5 кг. Бұл ретте қанттың бағасы бір килограмм үшін 500 теңгеге дейін өсті. Бір күн бұрын, 11 наурызда, құны 375-380 теңгені құраған.

11 наурызда сауда және интеграция министрлігі елде қант қоры халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін үш айға жетеді деп сендірді. Үкімет жеткізушілердің географиясын кеңейту және тәуекелдерді азайту үшін шетелден шикі қант сатып алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осы уақыт ішінде сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жағдайға ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Ресми деректер бойынша, 2021 жылы отандық қант өндірісі шамамен 277 млн тоннаны құрады. Тұтынылатын қанттың шамамен 60% - ы импортқа тиесілі. Өткен жылы ҚР-ға басқа елдерден 507 млн тонна қант және шикі қант импортталды, әкелінген көлемнің жартысынан астамы Ресейге тиесілі.