×
$
465.19
536.55
5.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
465.19
536.55
5.61

Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы елшілері ауысты

22.07.2026, 09:07
Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы елшілері ауысты
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық өзгерістер туралы жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢА ЕЛШІЛЕР КІМДЕР?

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

КІМДЕР ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ?

Сондай-ақ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.