×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

ЕАЭО мен Қытай ортақ валюта-қаржы жүйесін құра ма?

15.03.2022, 13:36
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ЕАЭО мен Қытай арасындағы тәуелсіз халықаралық валюта-қаржы жүйесінің жобасын әзірлеу туралы сенсациялық ақпаратқа түсініктеме берді. Ол оны дақпырт деді және бейресми ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Кеше кешке Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында ЕАЭО мен ҚХР әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты қажет болатын тәуелсіз халықаралық валюта-қаржы жүйесінің жобасын әзірлейтіні туралы жаңалық пайда болды. Кейінірек жаңалық алынып тасталды.

"Өздеріңіз білесіздер, ЕАЭО шеңберінде күн тәртібіне өзекті мәселелер шығарылатын және талқыланатын белгілі алаңдар бар. Одақ шеңберінде ведомствоаралық, мемлекеттік органдардың күн тәртібінде мұндай мәселе шығарылған жоқ. Мүмкін, бұл қандай да бір жалған ақпарат таратып тексеру болған шығар, сондықтан мен БАҚ пен халықты ресми сайттар мен Telegram-арналарды оқуға шақырамын", - деді Жамаубаев.

Өшірілген материалда жоба наурыз айының соңына дейін талқылауға ұсынылатыны жазылған.

"Әлемдік экономиканың баяулауымен және ЕАЭО мемлекеттері мен Қытайға қатысты шектеу шараларымен байланысты ортақ сын – тегеуріндер мен тәуекелдерді ескере отырып, біздің елдеріміз тұрақты сарапшылық диалогтар деңгейінде де, бірлескен шаралар мен жобалар аясында да практикалық ынтымақтастықты жандандыруы тиіс", - деп ЕЭК-тің Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьевтен дәйексөз келтіреді ЕЭК сайты.

Жүйені құру туралы жаңалық ЕЭК сайтында 14 наурызда жарияланды. Алайда көп ұзамай материал порталдан жойылды.