×
472.68
466.91
8.01
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.68
466.91
8.01

Партияларды тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мың адамға азаяды - саяси реформа

16.03.2022, 11:45
Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы президент Жолдауында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі. Тіркеу шегін төрт есе – 20-дан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Өңірлік өкілдіктердің ең аз саны үш есеге – 600-ден 200 адамға дейін азаяды. 1000-нан 700 адамға дейін, партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны үштен бірге азаяды», - деді Тоқаев Жолдауында.

Ол сонымен қатар байқаушылар туралы да тапсырма берді.

«Демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Сондай-ақ, сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады. Осы орайда, мен байқаушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақты белгіленуге тиіс деп санаймын», - деді мемлекет басшысы.