×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Сепаратизмнен байқау керек – депутат ШҚО-ны бөлу жайлы

16.03.2022, 13:04
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Шығыс Қазақстан облысының бөлінуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Облысты бұрынғыша бөлу дұрыс болмайды деп есептеймін. Мемлекет мүддесі тұрғысынан қарауымыз ерек. Неге десеңіз, қазір сепаратизм деген нәрсе бар. Бұл жай сөз емес. Елімізді ел деп танымай отырған азаматтар көп. Осы нәрсе ескерілуі керек. Кезінде екі облыс біріккенде, шынын айтайық, Өскемен өңірі қазақтанды. Енді ол қайта оқшауланып қалмауы керек», - деді депутат Жолдаудан кейін.

Шығыс Қазақстан облысы құрылғанда Көкпекті мен Самар, Тарбағатай мен Ақсуат сынды бұрынғы екі облыстың аудандары да қосылған. Енді осы аудандар қалай бөлінетінін жергілікті мәслихаттар шешеді.