×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Беделді партиялар келсе ғана парламенттің ықпалы артады - Сәтпаев

16.03.2022, 13:24
Фото: ашық дереккөзден

Күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет қағиадасын басшылыққа аламыз деген президенттің жолдауда айтқан ұсынысына қатысты саясаттанушы Досым Сәтпаев пікір білдірді, деп  хабарлайды ulysmedia.kz.

«Президент Жолдауы 2024 жылғы президенттік сайлауға дайындықты еске салды. Қаңтардағы оқиғалардан кейін саяси тұрақтылықты сақтау тұрғысынан билікті қатты алаңдатады. Жиналып қалған әлеуметтік наразылықты кейбір реформаторлық бастамаларды айта отырып, осы Жолдау арқылы ішінара сейілтуге шешім  қабылданды», - деп жазады ол.

 Сондай-ақ, ол бүгінгі кейбір тезистер бұрыннан айтылып жүргеніне назар аударған.

«Бір қызығы, Президенттің суперпрезиденттік жүйеден күшті парламенті бар президенттік республикаға көшу жөніндегі тезисін Тоқаев Сенат спикері ретінде 2014 жылы айтқан.Сол кезде ол күшті президент - ықпалды парламент - есеп беретін үкімет формуласы бойынша президенттік-парламенттік басқару формасына көшу басталғанын айтты. 2014 жылы бұл жай сөздер екені түсінікті болды. Қазір бос уәделерге уақыт жоқ, өйткені бізде күшті парламент ескі партияларды алмастыратын жаңа және беделді партиялардың есебінен ғана пайда болуы мүмкін. Бірақ, шамасы, бұл жақында болмайды, өйткені Парламенттің ескі құрамы Жолдауда айтылған барлық заңнамалық өзгерістерді енгізетін болады. Сондықтан олардың саяси ғұмыры тағы да ұзартылды», - деді ол.