×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстанда магистратура мен докторантурада оқу ақысы қымбаттайды

14.02.2023, 11:49
оқу

Магистратура, докторантура гранттарының құны кемінде бакалавр гранттарының құнымен теңесуі керек. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Елімізде жоғары оқу орындарының басым көпшілігі әлі зерттеу форматына көшкен жоқ. Бірнеше себеп бар. Біріншісі – жоғары оқу орындарының ректорларының өздері магистрларды, PhD докторанттарды даярлауға құлықсыз. Неге десеңіз, магистратура грантының құны 380 мың теңге. Ал бакалавриат грантының құны 1 млн теңгеге жуық», - деді ол.

 Министрдің сөзіне қарағанда, алдағы 3 жылда магистратура, докторантура гранттарының құны 1,5-2 млн теңгеге дейін көтеріледі.

«Сонда былай қарасаңыз, ректор былай ойлайды: «Мен бакалаврды қазір қабылдасам, онда ол төрт жылда маған 4 млн теңге әкеледі. Ал магистрантты қабылдасам, ол екі жылда маған бір млн да әкелмейді» дегендей. Сондықтан біз осы жылдан бастап біз магистратура, докторантура гранттарының құнын өсіреміз. Кемінде бакалаврлармен теңестіру керек. Бірақ негізінде осы үш жылдың ішінде олар 1,5-2 млн теңге көлемінде болады», - деді Саясат Нұрбек.

Серіктес жаңалықтары