×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шекара қызметі тергеу нәтижесімен келіседі – Алдажұманов Челах жайлы

16.02.2023, 10:41
Шекара қызметі тергеу нәтижесімен келіседі – Алдажұманов Челах жайлы
Коллаж: Ulysmedia.kz

ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан Алдажұманов Владислав Челахтың ісіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл жерде бірдеңе деп пікір білдірген артық шығар.  Болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс жүргізіліп, істің анық-қанығы толыққанды айтылған. Оның қазір (Челахтың – авт) не дегісі келіп тұрғанын білмеймін. Қылмыстық іс жүргізіліп, тергеу толыққанды болған. Нәтижесі логикалық шегіне жеткен. Егер оның тарапынан арыз болса, соның барысына қарай қарайық», - деді ол.

«Яғни Шекара қызметінің Челахқа қатысты позициясы тергеу қорытындысымен сәйкес келе ме» деген сұраққа ол «дәл солай» деп жауап берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Челах Бас прокуратураға хат жазып, іске қатысты өз нұсқасын айтқысы келетіні айтылған болатын.