×
$
452.12
€
508.95
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
452.12
€
508.95
₽
5.41

Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйістен кейін әскердің жай-күйі туралы есептерді тыңдады

Бүгін, 17:25
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйістен кейін әскердің жай-күйі туралы есептерді тыңдады
Ақорда

Президент – Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбековті және қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Армияның жауынгерлік әзірлігі талқыланды

Мемлекет басшысы Қарулы күштердің қазіргі қызметі мен жауынгерлік әзірлігі, әскери даярлық іс-шараларын қаржыландыру және Қорғаныс министрлігі бюджетінің орындалуы туралы есепті тыңдады.

Жоғарғы Бас қолбасшыға жауынгерлердің жай-күйі мен әскердің жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ ведомство органдары мен сарбаздарға жүктелген міндеттердің орындалуы туралы баяндалды.

Армияның қажеттіліктеріне қаржы бөлінеді

Президентке әскердің ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыру және армияны дамыту бағдарламасы туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ әскери әзірлік міндеттерін ескере отырып, қаражатты қайта бөлу, инфрақұрылымды жарақтандыру және бөлімшелердің күнделікті қызметін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Әскерді басқару жүйесі жетілдіріледі

Кездесу барысында әскерді басқару жүйесін жетілдіруге, шешім қабылдау жеделдігін арттыруға және сарбаздардың өз мамандығына сәйкес міндеттерді орындауға дайындығына ерекше мән берілді.

Бұдан бөлек, жұмылдыруды жоспарлау мен әскери резервті дайындау, жоспарланған шығындарды негіздеу, бюджет тәртібін сақтау және бөлінген қаржыны тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды. Қаржылық бақылау мен шығыстардың нәтижелілігін бағалау тәсілдері де талқыланды.

Тоқаев бірқатар міндет жүктеді

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен дайындық сапасына, армияның ең маңызды қажеттіліктерін қаржыландыруға және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға қатысты бірқатар міндет жүктеді.