×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Облыс әкімдерін партиядан шығару: Смайылов ұсынысқа жауап берді

20.02.2023, 09:26
Фото: Ашық дереккөзден

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов облыс және қала әкімдерін партия қатарынан шығару жөнінде сұраққа жауап берді. Бұған дейін аталған бастаманы мәжілістің тарап кеткен депутаттары көтерген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Смайыловтың хабарлауынша, 2022 жылдың 5 қарашасында «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 4 бабына өзгерістер енгізілген. Оған сәйкес, әкімдер мен олардың орынбасарлары саяси партиялардың филиалдары мен өкілдіктерінде лауазымды қызмет атқара алмайды. Егер аталған лауазымға келер алдында мемлекеттік қызметші саяси партияларда басшылық лауазымды атқарса, ол 10 күннің ішінде сол лауазымын босатуы керек.

«Ал әкімдердің саяси партияларда мүшелігін тоқтату жөніндегі ұсыныс әлемнің жетекші тәжірибелерін ескере келе қосымша зерттеуді талап етеді», - дейді Әлихан Смайылов.

Депутаттар сонымен бірге әкім қызметін атқару мерзімін 5 жылға шектеуді ұсынған. Алайда үкімет басшысы бұл мәселе президенттің құзыретінде екенін хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары