×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Тілеуберді «федералды деңгейден төмен денацификаторларға» жауап бермейтінін айтты

29.03.2022, 11:57
Коллаж: ulysmedia.kz

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутаттар тарапынан айтылған «Қазақстанда ұлтшылсыздандыру» туралы ұрандарға жауап бермейтінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айта кетсек, бұған дейін Мәскеу қалалық думасының депутаты Сергей Савостьянов Қазақстанды Украинадай «денацификациялауға», «демилитаризациялауға» шақырған болатын. Бұл мәлімдемеге қатысты журналистер үкімет отырысынан кейін министрлердің пікірін сұрап көрді.

«Әр айтылған сөзді жеке қарастырып, кім айтса, сол деңгейде жауап беру керек. Мысалы, Зюганов айтқанда біздің депутаттар оған өз бағасын берді. Ал енді федералды деңгейден төмен, қалалық дума ма, басқа ма – ондай мәлімдемелерге біздің блогер, саясаткер, эксперттеріміз жауап беруі керек», - деген пікір айтады сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Ал ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бұған қатты жауап қатудың керегі жоқ дегенді айтады.

«Бұл сұрақ менің салама қатысты емес. Дегенмен жеке пікірім бар. Мұндай нәрселердің айтылуы, әлбетте, жағымсыз. Бірақ сондай қатты жауап берудің керегі жоқ. Өйткені біз тоқтап қалмаймыз. Өз жайымызды, экономикамызды, халқымызды ойлауымыз керек. Белгісіз адамдардың түсініксіз мәлімдемелеріне қарайлаудың керегі жоқ», - дейді Қуантыров.