×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Алматы облысында екі балықшы суға батып кетті

29.03.2022, 16:13
Фото: РЖҚЖ баспасөз қызметі

Қайғылы оқиға Деревянное көлінде болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

1973 және 1969 жылы туылған екі балықшы  үрлемелі  резеңке қайықпен балық аулау кезінде, қайық кенеттен аударылып, ер адамдар суға батып кеткен. Куәгерлер бірден бір ер адамның  денесін судан шығарып алған. 

Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы оқиға орнына шықты. Іздестіру – құтқару шараларын жүргізу барысында, сағат түнгі 00.00-де құтқарушы-сүңгуірлер екінші ер адамның денесін тауып,  судан шығарды.

Құтқарушылар ескертеді: қайықпен балық аулау кезінде сақ болыңыздар, міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіздер! 

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!