×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Тағы бір депутат мәжілістен өз еркімен кетті

30.03.2022, 10:29
Фото: ашық дереккөзден

Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясының мүшелігіне тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұхтар Ерманның мәжіліс депутаты ретінде өкілеттігі тоқтатылды. Ол Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды.

М.Ерман 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы «Темір» совхозында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1986) бітірген. Тарихшы, шетел тілінде оқытатын тарих пәнінің оқытушысы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті(1998), заңгер. Еңбек қызметін 1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының ассистенті, тәлімгері болып бастады.

1993-1999 «Яшар холдинг» компаниясының өңірлік менеджері, Алматы қ.

1999-2005 «Алматыжарнама» МК директоры, Алматы қ.

2005-2006 «Асар» республикалық партиясы» РҚБ Орталық аппараты хатшысының орынбасары, хатшысы, Алматы қ.

2006-2008 «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары, Астана қ.

03.2008-11.2008 «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының хатшысы, Астана қ.

2008-2013 «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары, Астана қ.

2013-2014 «Евразия» бірінші арнасы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, Астана қ.

2014-2016 ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы аппаратының басшысы, Астана қ.

2016 жылдан бастап – алтыншы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

2018 ж. 14 ақпанда Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып сайланды.

2021 жылдан бастап жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана» медальдарымен марапатталған.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Үйленген, екі ұлы бар.