×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Коммунистер Ертісбаевты "қара пиар" үшін де пайдаланбақ

30.03.2022, 12:59
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан халық партиясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков төрағалыққа Ермұхамет Ертісбаевтың келуіне байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта саясаттан да, мемлекет басшылығынан да кеткеннен кейін оның (Ертісбаевтың – авт.) кіммен таныс болғаны бізге қажет емес. Мүмкін президент болған кезде Назарбаевпен таныс болғаны да жақсы шығар бізге. Қазір ол кісінің Тоқаевпен де ол кісінің қарым-қатынасы жақсы деп ойлаймын. Сондықтан қалай болса да, оның таныстығы, білгіштігі, елге танымалдығы, бүкіл қоғамға танымалдылығы бізге тек жақсылық әкеледі», - деді Жамбыл Ахметбеков мәжіліс кулуарында.

Ол сонымен қатар Ермұхамет Ертісбаевты сынаған азаматтардың ойы жайлы пікірін айтты.

«Кейбір алыпқашпа сөздер арқылы, ол кісі туралы карикатура немесе басқаша кемсітулерді «қара пиар» деп санаймыз да, мүмкін ол да жақсылығын әкелетін шығар. Біздің партияға қызығушылықтың көбеюуінің де себебі осында. Міне, БАҚ бүгін менің өзімнен осы жайлы сұхбат алып тұр. Егер ол кісі төраға болып келмесе бүгін мен сұхбат бермес едім», - деді ол.

Еске сала кетсек Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының басшысы болғаны бұған дейін хабарланған болатын.