×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Нұрлан Қаппаров тірі болғанда 52 жасқа толар еді

30.03.2022, 16:44
Фото: ашық дереккөзден

Нұрлан Қаппаров 1970 жылы 30 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы технология институтын, Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы Жоғары басқару мектебін бітірген, мамандығы бойынша инженер-экономист, мемлекеттік басқару магистрі.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Акцепт» корпорациясын құрып, 1991 жылдан 1997 жылға дейін соның президенті болды.

«КазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания», «Казахойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» акционерлік қоғамдарының президенті болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары болып тағайындалған.

Оқи отырыңыз: Нұрлан Қаппаров пен Илон Масктың өтпей қалған кездесуі – Қазақстанның кварц қоры жайлы

 2003 жылдан – «Ланкастер групп Казахстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі болып тағайындалды.

Қаппаров 2015 жылы Қытайда дәмханада белгісіз себеппен өмірден озды.