×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

Ұлттық банк зейнетақы қорына доллар сатып алмағанын мәлімдеді

01.04.2022, 09:57
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық банкі наурыз айының қорытындысында теңгені қорғап қалу үшін 990,5 млн АҚШ доллары жұмсалғанын жеткізді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл биржалық сауда-саттықтағы жалпы көлемнің 29%-ын құраған.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін наурыз айында 890,9 млн АҚШ доллар валюта сатылған. Осылайша Ұлттық банктің валюталық интервенциялары мен Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 55%-ын межелеген.

«Ұлттық банк БЖЗҚ мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырған жоқ», – делінген орыс тіліндегі ақпараттан соң кеш жеткен мемлекеттік тілдегі мәліметте.

Еске сала кетсек, өткен айда елімізде бір АҚШ долларының құны 500 теңгеден асып кетті.