×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

Президент пен премьер-министр Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

02.04.2022, 09:43
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауында Ислам дінінің гуманистік ұстындары елдегі береке-бірлікті нығайтатынын айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Осы күндерде азаматтарымыз рухани тазарып, жан-дүниесін жаңғыртады, жақсылық жасайды. Рамазан айында имандылық, жанашырлық және мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтардың қадірі арта түседі. Исламның гуманистік идеалдары еліміздегі береке мен бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін маңызды рөл атқарады. Біз халқымыздың ырыс-ынтымағының арқасында кез-келген қиындықты еңсеріп, болашаққа сеніммен қадам басамыз. Қасиетті Ораза айында бүкіл мұсылманның жүрегін қуаныш кернеп, жұртымыз татулық пен тыныштыққа бөлене берсін! Барша азаматтарымызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!», – деді өз құттықтауында президент.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов та Рамазан айының халқымызға тән қайырымдылық, адамгершілік сияқты рухани құндылықтарды нығайта түсетін рақым айы екенін атап өтті. Ол шынайы ниетпен ұсталған ораза мен жасалған ізгі амалдардың қабыл болуын тіледі.