Бұған дейін ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары болып, қызметінен босатылған Бибігүл Асылова ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Экс вице-министр Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа әлеуметтік сала бойынша кеңес беріп отырмақ.
Бибігүл Амангелдіқызы осы жылдың наурыз айында өзі берген өтініш арқылы Білім және ғылым министрлігіндегі 2016 жылдан бері атқарған лауазымымен қоштасқанын айта кеткен жөн. 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. Қаржы саласының маманы.