×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Шетелден қаржыны қайтарумен 5 жұмыс тобы айналысады

05.04.2022, 09:17
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

ҚР үкіметінде капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру тетіктерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Сонымен қатар, елімізден қаражаттың жылыстауына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қарастырылды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осылайша, ҚР премьер-министрінің өкімімен комиссия құрылып, оның аясында бес жұмыс тобы әрекет ететін болды.

«Аталған жұмыс топтары ақшалай қаражаттың жылыстауына талдау жүргізіп, капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру, шектеу шараларын енгізу, шығарылған капиталды қайтару шараларын қабылдауға байланысты тиісті ұсыныстарды әзірлейді», – деп сендіреді үкіметтің баспасөз қызметінен.

Мәселен Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылаудың жекелеген функциялары берілуі мүмкін. Бұдан тыс, келіп түскен валюталық түсімнің 80%-ына айырбас жасалған жағдайда, қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларын оңайлатылған тәртіппен өтеу көзделуде.

Сондай-ақ резидент еместерге дивидендтер төлеу кезінде салықтық жеңілдіктерді жою, резидент емес өзара байланысты тұлғалар көрсеткен материалдық емес қызметтер бойынша шегерімдерді шектеуді енгізу сияқты шектеу шаралары қолға алынып, «Трансферттік баға белгілеу туралы» ҚР заңын жетілдіруге бағытталған нормалар әзірленбек.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар мемлекет басшысының атына жолданбақ.