×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Базалық мөлшерлеме 16,75% деңгейінде қалды – Ұлттық банк себебін түсіндірді

24.02.2023, 13:12
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық банк базалық мөлшеремені 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мұндай шешімнің қабылдану себебін түсіндірді.

«Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Базалық мөлшерлеме бойынша шешім кезекті болжамдық раундты өткізумен бірге қабылданды. Макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын жаңартумен қатар инфляция тәуекелдерінің балансын да бағаладық. Қабылданған шешім елдегі инфляциялық процестерді баялатуға, орта мерзімді перспективада инфляцияны тұрақтандыруға және нысаналы мәндерге дейін төмендетуге ықпал етеді», - деді ол баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қаңтар айында инфляцияның артуына ең әуелі азы-түлік бағасы әсер еткен.

«Қабылданған шешімнің бірінші факторы – қазіргі және күтілетін инфляция динамикасы. 2023 жылғы қаңтарда жылдық инфляция, біз күткендей, өсуін жалғастырып, 20,7%-ды құрады. 25,7%-ға дейін жеделдеген азық-түлік өнімдері бағасының өсуі инфляцияға ең көп үлес қосты. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 20,2%-ға, қызметтер бағасының өсуі – 14,2%-ға дейін жеделдеді.

Айлық инфляция биылғы қаңтарда 1,1%-ды құрап, төрт ай қатарынан баяулауын жалғастырды. Айлық инфляция төмендегеніне қарамастан, орташа тарихи мәндерден жоғары деңгейде қалыптасып отыр.

Базалық инфляция әртүрлі бағалауларға сәйкес баяулағанына қарамастан, экономикада жоғары инфляциялық ортаның сақталуын көрсетті», - деді Ғалымжан Пірматов.

Серіктес жаңалықтары