Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы ағымдағы жылдың ортасында 10%-ға дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР ұлттық экономика министрі айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Біз инфляцию 8-10% болады деп отырмыз, сәйкесінше индексация да 9-10% шамасында болады» - деген Әлібек Қуантыров жыл басынан бері ел экономикасы өсуінің оң серпіні байқалатынын атап өтті.
Әлеуметтік төлемдерді қайта есептеуге 110 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ.
Жалпы жыл басында жылдық индексация 5-7 пайыз мөлшерінде жасалғанын ескерсек, 4% өсімді күтуге болатын сияқты.