×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Нақты іске көшіңіз – Мусин Қошановтан сөз естіді

06.04.2022, 12:25
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге «нақты іспен айналысу» керектігін ескертті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Отырыс барысында депутат Наталья Деменьтева шалғайдағы ауылдарда интернет сапасы нашар екенін мәселе ғып көтерді. Онда елді мекендер бойынша деректер келтірді.  Ал Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин оның деректерімен келіспей, сандарға түзету айтты.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов министрдің жауабына қанағаттанбағанын жеткізді.

«Бағдат Батырбекұлы, цифрларды қуалаудың қажеті жоқ. Депутат Деменьтева дұрыс айтты. Оның 250 адам дегенін 189 адам деп түзетіп жатырсыз. Негізі қанша болса да – ол біздің тұрғындар, қазақстандықтар. Олар интернетке қол жеткізу керек. Сондықтан цифр қуалағаннан гөрі нақты іске көшу керек. Екіншіден, алыс ауыл емес, елорда маңындағы ауылдарда да интернет жоқ. Оны толық білемін. Бұл жөнінде не істеу керек? Осы жағын да ойластырыңыз», - деді Ерлан Қошанов.