×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Ақшолақов «Ресей қазақ мұнайына тосқауыл қойып отыр» деген болжам жайлы пікір білдірді

06.04.2022, 14:14
Фото: Ulysmedia.kz

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, «Ресей қазақ мұнайының Еуропаға тасымалдануына әдейі тосқауыл қойып отыр» деген болжам логикаға сыймайды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

«Бұрын да, бүгін де айттым. Егер бір осындай жағдай болып жатса, құбыр жаппай жұмыс істемейтін жағдайға келтіруі керек еді. Логикалық тұрғыда. Бірақ қазіргі уақытта құбырдың 60 пайызы жұмыс істеп тұр ғой. Қуаттылығының 60 пайызымен мұнай құбыр арқылы жүріп жатыр», - деді Болат Ақшолақов ulysmedia.kz порталы тілшісінің сұрағына берген жауабында.

Болат Ақшолақов халықаралық журналистік зерттеудің қорытындысынан гөрі Каспий құбыры концорциуымындағы жағдайды «техникалық апатқа» теңеді.

«Онда олар (зерттеуде – авт.) құбыр 9-10 балдық дауылға шыдайтынын салыстырады. 20 жылда бір рет сынбаса да, 6-8 балдық дауыл болса, қаншама шыдамды болса да сынатын кезі келеді ғой», - деп түйді Болат Ақшолақов.

Еске сала кетсек, «Ресей санкцияларға жауап ретінде Еуроодақ экономикасына нұқсан келтіру үшін Қазақстан мұнайының Еуропаға жеткізілуіне әдейі тосқауыл қойып отыр. Осылайша, Қазақстанға да өзінің билігін жүргізбек». Осылай деген Deutsche Welle ақпарат көзінің жазуынша, Handelsblatt неміс экономикалық газеті неміс Correktiv зерттеу орталығымен бірге Новороссийск портының мұнай айлақтарындағы жағдайға журналистік зерттеу жүргізген.