×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елімізде 127 мыңнан астам үйді су басуы мүмкін

28.02.2023, 09:55
Елімізде 127 мыңнан астам үйді су басуы мүмкін
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы  ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде су басу аймағында 255 елді мекен болуы мүмкін, бұл 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат», – деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, 2023 жылғы су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өтуге дайындық аясында биліктің барлық деңгейінде үлкен жұмыс жүргізілді.

«Оңтүстік аймақтарда қар еруінің басталуына санаулы күн қалды. Қазір барлық күш-жігер алдын алу шаралары мен су тасқынына дайындыққа бағытталған. Биылғы екі айда 15,1 шақырым уақытша бөген салынды, 24 шақырымға жуығы жөнделді, 16 шақырымнан астам уақытша бөген, сондай-ақ елді мекендердің айналасында 41 шақырым білік тұрғызылды», - деді Ильин.

Сондай-ақ, министр 5 мың шақырымға жуық каналдар мен арықтар, автомобильдер және темір жолдар астында 8,5 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылғанын айтты.