×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Елдегі гидротехникалық нысандардың жағдайы мүшкіл: ескілері тозған, жаңалары сапасыз

28.02.2023, 12:28
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Экология және табиғи ресурстар министрлігіне гидротехникалық құрылыстардың су тасқынына әзірлігін бағалау олардың жыл сайынғы көбеюіне байланысты да қиынға соғуда. 2022 жылдың басында 1 823 гидротехникалық құрылыс болса, оның 537-сі жөндеуді қажет етсе, биыл олардың саны 1 806-ға жетті, 534-і жөндеуді қажет етеді», –  деді министр Үкіметтің  отырысында.

Ильиннің сөзінше, олардың көбісінің техникалық жай-күйі талапқа сай емес.

«Елдегі су шаруашылығы объектілерінің нақты тозуы 60%-дан астамды құрайды, осыған байланысты олардың сенімділігі мен қауіпсіздігі төмендеген. Өткен ғасырда салынған гидротехникалық құрылыстар ғана емес, жаңа ГТҚ да алаңдаушылық туғызады. 2021 жылы Алматы облысында коммуналдық меншіктегі су қоймаларын пайдалану қағидаларын бұзудың 3 фактісі тіркелді, онда ГТҚ-дан төмен орналасқан елді мекендерді су басу қаупі туындады», - деді ТЖ министрі.

Серіктес жаңалықтары