Бұл туралы көпшілік талқылауға шығарылған Индустрия және инфроқұрлымдық даму министрінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қазақстан аумағынан тас көмірді, тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды, қатты отынның ұқсас түрлерін, тозаң түріндегі немесе тозаң түріндегі емес бірақ агломерацияланбаған тас көмірді, гагаттан басқа лигнитті немесе агломерацияланған, агломерацияланбаған қоңыр көмірді автомобиль көлігімен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған бұйрықта.
Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде бұл халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі дүрбелеңді болдырмау және елдің энергетикалық қауіпсіздігін сақтау мақсатында енгізілгені жазылған.