×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Әшімбаев «Сарым-Зәкиева» түзетулері атанған шулы заң жобасы жөнінде ойын білдірді

11.04.2022, 17:14
Фото: Ашық дереккөзден

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, балаларды буллингтен және кибербуллингтен қорғау маңызды міндеттердің бірі. Алайда қоғамның да пікірі ескерілуі керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Бұл заң жобасының кейбір нормалары қоғамда қызу талқыланған жақсы білемін. Кез келген заң жобасын талқылау кезінде халықтың осындай белсенділігі үлкен маңызға ие. Қазіргі таңда сенаторлар ұсынылған нормаларды мұқият зерттеп, барлық пікірді ескеріп, жұмыс істеп жатыр. Басты міндет – балалардың құқығын қорғайтын сапалы заң қабылдау. Бұл ретте қоғамның пікірін елеусіз қалдыруға болмайтыны сөзсіз. Өйткені заң жобасы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына қайшы келмеуі керек», - дейді ол.

Сенат Бюросының мүшелері палатаның 14 сәуірде өтетін отырысының күн тәртібін бекіткен. Сенаттың кезекті отырысында депутаттар баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері туралы заң жобасын қарайды.