Қазақстаннан ақша аударымдары бір айда 25 миллиардтан астам теңгеге қысқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банк мәліметінше, 2023 жылдың қаңтарында шетелге ақша аудару жүйелері арқылы 49,2 млрд теңге жіберілген. Бұл 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 25,4 млрд теңгеге немесе 34,1% аз".
Деректерге сүйенсек, бір ай ішінде Түркияға (14, 7 млрд теңге, бұл желтоқсанмен салыстырғанда 6,7 млрд теңгеге аз) және Ресейге (13,1 млрд теңге, желтоқсанмен салыстырғанда 7,3 млрд теңгеге аз) аударымдар азайды.
"Өзбекстанға (8,2 млрд теңге(-5,6 млрд), Қырғызстанға – 1,6 млрд теңге (-737,7 млн) және Әзірбайжанға 952 млн теңге (-340,6 млн) аударылған. Бұл – соңғы үш жылдағы ең төмен деңгей.
Мамандардың талдауынша, айлық мәнде көрсеткіштер төмендегімен, 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда Қазақстаннан жіберілген аударымдар 3,4 млрд теңгеге өсті. Атап айтқанда, Ресей (+5,8 млрд теңге) және Түркияға (4,3 млрд теңге) аударымдар көбейген.