×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Наурызда Германияға тағы 20 мың тонна қазақ мұнайы жөнелтіледі

01.03.2023, 18:17
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнайды тасымалдау кестесіне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ наурыз айында Германияға «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті арқылы 20 мың тонна мұнайды тасымалдауды жоспарлап отыр», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Шыңғыс Ілиясов.

Компания биылғы жылдың 1 тоқсанында Германияға «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті арқылы 300 мың тонна мұнай тасымалдау үшін техникалық мүмкіндіктің барын атап өтті. Дегенмен оның нақты көлемі мұнай компанияларының өтініміне байланысты болмақ.

Айта кетейік,  Украинадағы соғысқа байланысты Еуропа елдері Ресей мұнайына эмбарго жариялаған. Ақпан айында да Қазақстаннан Германияға 20 мың тонна мұнай жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары