×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Әшімбаев журналистерге: Біздің Сенатта «адекватты» адамдар жұмыс істейді

14.04.2022, 13:17

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты бүгін журналистер тағы қоршап алды. Палата спикеріне ең бірінші кезекте, журналистерге не үшін Сенат ғимаратында жұмыс істеуге ыңғайсыз жағдай жасалғаны сұралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Біз сіздер үішн баспасөз мәслихаттарына арналған арнайы орын әзірледік. Егер ол баспасөз мәслихаттары сіздерге керек болмаса, осы қабатқа келіп депутаттарға сауал қоя аласыздар?», - деді Мәулен Әшімбаев алдымен.

Спикер журналистер бұрын отырған екінші қабат Сенат төрағасы хатшылығына берілгелі жатқаны туралы ақпаратты растамады.

«Олай емес. Біздің Сенатта орын соншалықты көп емес. Аппаратқа, техникалық қызметтерге, депутаттар мен журналистерге орын жетіспейді. Сол себепті қазір бұл мәселе шешіліп жатыр. Баспасөзз мәслихаттарына келер болсақ, мен сіздердің алдарыңызға әрдайым шығатын болам. Мен ашықтық саясатын ұстанамын әрі сұрақтарыңызға жауап беремін», - деді ол.

Сенат төрағасы журналистерді 0-ші қабатқа түсіргелі жатқаны туралы ақпаратқа қарсы өз уәжін айтты. Оның сөзінше, журналистрге арналған орын – 1-ші қабат. Алайда лифттегі «В» атты батырманың 0-ші қабатты білдіретінін спикер білмеген сыңайлы.

«Екінші қабатқа қайтқыларыңыз келе ме? Ол жағынан бұл жерде сізге уайымдаудың қажеті жоқ. Жазудың да. Бір-бірімізге өкпелемей-ақ қойсақ. Мен сіздерден ешқашан қашпаймын. Алдағы уақытта да өзара құрметті сақтасақ деймін. Қазір мен өз кабинетіме көтеріліп, аппарат басшылығы мен баспасөз қызметіне тиісті тапсырма беремін. Барсын, көрсін. Келесі бейсенбіге дейін мәселелерді қарастырамыз», - деді ол.

Сенаттан шыққан бұл шуды төраға естімегенін айтты.

«Сөздеріңізді естідім. Сол себепті өздеріңіз айтып тұрған мәселеге көз жеткізіп алсақ дейміз. Біздің Сенатта «адекватты» адамдар жұмыс істейді. Кейін барып, өзім тексерем ол жерді», - деді ол.