×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

#NewKazakhstan: Саясаттанушы ОКҚ-ның ботофермасын әшкереледі

15.04.2022, 11:02
Коллаж: ulysmedia.kz

Саясаттанушы Шалқар Нұрсейітовтің "Фейсбуктегі" сыни жазбаларына бір топ "адам" шабуылдап, оған қоқан-лоқы көрсеткен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Олар автордың жеке басына өтіп, АҚШ агенті деп те айыптаған. Содан саясаттанушы бұл адамдардың қайдан шыққанын анықтауға тырысқан.

 - Бұл боттардың бір фермадан екеніне күмәнім болған жоқ о бастан. Сөйтіп “Бұлар қай мемлекетшіл чиновниктің фермасынан екен?” деген сұраққа жауап іздеп көрдім. Содан боттарды біріктіретін бір дүниені байқадым. Боттардың бәрі #NewKazakhstan және #CCS хештегтерін сүйеді екен. Басында CCS-тің не екені қызық болып, басым шамалы қатты. Кейін 2-3 боттың Орталық коммуникациялар қызметінің (Служба центральных коммуникаций) видеосын бөліскенін байқадым. Содан ойыма бірден CCS-нің Central Communications Service екені келді, - деп жазады ол Фейсбук парақшасында.

Саясаттанушы аталған хештегтерді журналситер мен сарапшылар да қолданып «пост» жазып жүргенін байқаған.  

- Айтпақшы, боттардан бөлек #NewKazakhstan, #CCS хештегтерін Ashat Kasengali, Nurgeldi Abdygani және Алмас Алтай секілді блогерлер өз посттарында жиі қолданады екен. Екі күн бұрын осы үш азамат та “СЦК”-ның "халық парламентке сенбейді, президентке сенеді" деген сауалнама нәтижесі жайлы шамамен бір уақытта пост жазыпты. Осылайша, "СЦК"-ның боттар мен блогерлермен тығыз жұмыс істейтініне көзім жете түсті. Менің білуімше, бұл азаматтардың ешқайсысы "СЦК"-ның қызметкері емес. Қ.Тоқаевтың "реформалары" жайлы позитив посттарында осы хештегтерді қолдану сыры неде екені өздері айта жатар, - дейді Нұрсейітов.

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ –  мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық саладағы қарым-қатынасын байланыстыратын мемлекеттік инфокоммуникациялық алаң. Бұл жерде түрлі меморган өкілдері брифинг өткізеді. ОҚК қойылатын сұрақтарды журналистерден алдын ала сұратады және оны қою үшін арнайы кезек жасақтайды.