×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Қазақстан Сбермен мәміледен бас тартты

15.04.2022, 12:34
Фото: ашық дереккөзден

Цифрландыру министрлігі мен "ҰАТ" АҚ қазақстандық IT-мамандарды жұмысқа тартады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстан жаңа цифрлық платформаны құру үшін ресейлік "Сбер" компаниясының шешімдерін пайдаланбайды, деп хабарлады ОКҚ брифингінде цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин.

Оқи отырыңыз: Сбер, рубльге тәуелділік, бала министр және млрдтаған субсидия қалай ұрланды

"Геосаяси жағдайға және өз мүмкіндіктерімізді қайта қарауға байланысты "ҰАТ" АҚ-мен Қазақстандық IT-компанияларды тарта отырып, платформаны өз күшімізбен құру туралы шешім қабылданды. Қазір техникалық-экономикалық талдау жүріп жатыр, шамамен 2-3 жыл қажет болады. Осы жылдың соңына дейін жаңа платформаның алғашқы сервистері әзірленіп, қолданысқа енгізіледі", – деді Асқар Жамбақин.

Оқи отырыңыз: Сбер, шетелден ІТ маман шақыру, Байқоңырдың келешегі мен интернетсіз ауылдар жайлы – Бағдат Мусинмен эксклюзив сұхбат

Бұдан бұрын Бағдат Мусин Ulysmedia-ға берген эксклюзивті сұхбат барысында цифрлық трансформацияны өзіміз жасауымыз ықтимал деген болатын.