×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Назарбаев 1,2 млрд теңгеге КТК телеарнасының акцияларын сатып алды

15.04.2022, 14:27
Фото: ашық дереккөзден

Екі мыңнан астам жай акция енді "Нұрсұлтан Назарбаев қорына" тиесілі. Қор "Коммерциялық телевизиялық арна" АҚ-ның наурыз айында шығарылған жай акцияларының басым бөлігін сатып алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz

"Нұрсұлтан Назарбаев" қоры әрбіреуі 500 теңге болатын 2 396 156 жай акцияны 1 млрд 198 млн теңгеге сатып алды. Енді қорға 7,5 мыңнан астам жай акция тиесілі. Қаржылық есеп 11 сәуірде пайда болды.

Акцияларды сатылымға шығару туралы шешім 28 ақпанда акционерлер жиналысында қабылданды. Қосымша шығарылым 2 622 850 дана болды. Наурыз айының ортасында олар сатылымға шығарылды. Нәтижесінде “Назарбаев Қоры” құнды қағаздардың 97% -ын иеленді. Сонымен, қазіргі таңда телеарна акциялары "TV Media Advertising Agency" ЖШС және "Нұрсұлтан Назарбаев Қорына" қарайды.