×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Серғазиева неге сұхбат бермей жүр: Агенттік басшылығы жауап берді

15.04.2022, 18:00
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік қызмет істері агенттігіндегілер ведомство басшысының орынбасары Айнұр Серғазиева неліктен БАҚ-қа сұхбат бермейтінін білмейді, деп хабарлайды BaigeNews.kz.

Бұл туралы бүгін журналистер ОКҚ алаңында МҚІА төрағасының орынбасары Берік Беркімбаевтан тікелей сұрады.

"Кеше цифрландыру жөніндегі брифингте агенттіктің жаңа орынбасарын (Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі) кездестірдік.  (Авт: Айнұр Серғазиев) Алайда ол бұқаралық ақпарат құралдарымен сөйлесуден бас тартты, ол бұған тыйым салынғанын айтты. Мұндай тыйым немен байланысты екенін түсіндірсеңіз?"- деді "Хабар" телеарнасының журналисі.

Беркімбаев мұндай тыйым туралы алғаш рет естіп отырғанын айтты.

"Мен қандай тыйым салынғанын білмеймін. Біз сізбен байланысқа шығамыз және осы мәселе бойынша шешім міндетті түрде сізге жеткізіледі. Мен бұл туралы естімеген, ондай әңгіме болған жоқ", - деді ол.

Сондай-ақ, журналист МҚІА баспасөз қызметі Серғазиеваның БАҚ-пен араласуына кедергі келтіргенін айтты. Мұны естіген Берік Беркімбаев жымиды.

Еске салсақ, Айнұр Серғазиева былтыр жыл соңында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 31 жасар шенеунік шетелде қыдырғанды және шоппинг жасағанды ұнатады. Бұл инстаграмдағы жеке парақшасы арқылы белгілі болды. Шенеуніктің 2 млн теңге тұратын сөмкелері қызу талқылауға ұшыраған. Ал оның “Настроение тратить деньги и хихикать.” деген тіркесі ел арасында “қанатты сөзге” айналды.