×
416.91
446.47
7.34
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
416.91
446.47
7.34

Есеп комитеті: 30 миллиард теңгеге қатысты заң бұзушылық анықталды

16.04.2022, 10:17
Фото: ашық дереккөзден

Президент Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдап, есебін тыңдады.

Наталья Годунованың Президентке берген есебінен: Биылғы бірінші тоқсанда 345 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын қамтитын 14 нысанда 3 аудиторлық іс-шара жүргізілген.

Нәтижесінде 30 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға қатысты заң бұзушылықтар анықталған.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына да аралық аудит жүргізілген. Мемлекет басшысы бүгінде жеткілікті дәрежеде тиімді болмай отырған «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берді.

 Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру жөніндегі тапсырмасының іске асырылуына қатысты Наталья Годунованың ұсынысын тыңдады.