×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

24 қылмыстық іс қозғалды: Шетелге 600 млрд теңге заңсыз шығарылған

16.04.2022, 16:43
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстаннан 600 млрд теңгені заңсыз шығару фактісі бойынша 24 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев олигархтардан Қазақстанға капиталды қайта инвестициялауды сұрады, сондай-ақ офшорға қаражаттың кетуіне қарсы күрес жариялады.

8 ақпанда президент Үкіметке шетелге заңсыз шығарылған ақшаны елге қалай қайтару туралы тапсырды және ұсыныс енгізуге екі ай уақыт берді.

14 ақпанда Тоқаев қаржы мониторингі агенттігінің басшысы Жанат Элимановпен кездесіп, заңсыз жолмен келген, соның ішінде шетелде алынған активтерді іздеуге ерекше назар аударуды, сондай-ақ оларды Қазақстанға қайтару жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

14 сәуірде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 30 жыл ішінде ҚР-дан $100 млрд-қа жуық заңсыз шығарылғанын хабарлады.

Қазір Қазақстанда капиталды шетелден қайтару бойынша комиссия жұмыс істейді. Билік қаражатты қайтарудың әртүрлі тетіктерін, салықтық және одан тыс ынталандыру шараларын қарастыруда.