×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

Қырғызстан шекарадағы жүк көлігі кептелісін Қазақстаннан көріп отыр

17.04.2022, 12:53
Фото: sputnik.kg

Қырғызстан Министрлер Кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошев пен Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қырғыз-қазақ шекарасында жүк көліктерінің тұрып қалу мәселесін талқылады, деп хабарлады sputnik.kg.

Олардың кездесуі Мәскеуде ЕЭК Кеңесінің отырысы аясында өтті.

Соңғы аптада екі ел шекарасында Қазақстан мен Ресейге тауар тасымалдайтын жүк көліктерінің үлкен кезегі пайда болды. Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметі жүк көліктерінің тұрып қалуы қазақ тарапынан баяу өткізуінен болып отыр дегенді алға тартады.

Министрлер Кабинеті төрағасының бірінші орынбасары наурыз айының соңында бейнеконференция барысында қол жеткізілген уағдаластықтар толық орындалмайтынын атап өтті.

"Егер ілеспе құжаттар ережеге сай болмаса немесе мүлдем болмаса, қазақ тарапы бөгемей мұндай көлік құралдарын кері қайтарады деп келістік. Шын мәнінде, жүк көліктерінің кезегі күн сайын артып келеді", — деді Кожошев.

Оның айтуынша, егер келісімдерді Тараптардың бірі орындамаса, екіжақты қатынастарға зиян келеді.

Мәселені егжей-тегжейлі талқылағаннан кейін 19 сәуірде нақты шаралар қабылдау үшін екі елдің барлық мемлекеттік органдарының қатысуымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.