×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Билік кәсіпкерлікті «таза парақтан» бастап реттеуді көздеп отыр

19.04.2022, 09:39
Фото: Ашық дереккөзден

Үкімет осындай бастама көтерді. Аталмыш бағытта премьер-министр Әлихан Смайылов жауапты министрліктерге бірнеше тапсырма берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ұлттық экономика министрлігі «Атамекен» палатасымен бірге Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасын сапалы іске асыруды қамтамасыз етсін. Екіншіден, кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдерін іске асыру үшін салалық мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдіктері бір апта мерзімде бірінші басшылардың жауапты орынбасарларын белгілесін», - деген Әлихан Смайылов бүгінгі отырыста бұл міндетті бақылауды өз орынбасары Ерұлан Жамаубаевқа тапсырды.

Сонымен қатар, бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесінде «адами факторға» жол бермей, оны толық автоматтандыруды күшейтуді тапсырды.

«Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге 2 апта мерзімде Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін автоматтандыру жөніндегі Жол картасын әзірлеп, келісілген картаны премьер-министр кеңсесіне енгізсін. Цифрлық даму министрлігі мемлекеттік органдардың жүйелерді автоматтандыру жұмыстарын бақылауға алсын», - деді ол.