×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

Сара Назарбаева енгізген «Өзін-өзі тану» пәні тек 5 сыныпта ерікті түрде оқытылатын болды

19.04.2022, 11:40
Фото: ашық дереккөзден

Бұрын бірнеше сынып оқыған пәнді Білім және ғылым министрлігі талдай келе ерікті пәнге айналдыруды жөн деп шешкен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Асхат Аймағамбетов үкімет отырысынан кейін тілшілердің осы пән жайлы сұрағына жауап берді.

«Өзін-өзі тану пәні қосымша емес, міндетті пән ретінде бір емес, бес емес бірнеше жыл оқытылып келді. Жұмасына бір сағат өткізіледі. Біз биыл шешім қабылдадық. Келесі оқу жылынан бастап осы пән бір сыныпта оқушылардың таңдауымен оқытылады. Мысалы, оқушылар бесінші сыныпта осы пәнді оқимыз деп таңдауы мүмкін. Таңдамаса, міндетті пән ретінде мүлде оқытылмайды», - деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Министрдің айтуынша, «өзін-өзі тану» пәнін негізгіден таңдау пәніне айналдыру шешімі «жүргізілген талдау нәтижесінде» қабылданған. Министр «саяси астары бар ма?» деген сауалға жауап беруден бас тартты. Университеттерде әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану деген мамандығы болғанын да атап өтті.

«Оның ең бірінші мамандығы – әлеуметтік педагог. Сондықтан диплом алған жастар әлеуметтік педагог ретінде жұмыс істейді. Ал мектептерде бұл пәннен көбіне басқа пән мұғалімдері қосымша оқытқан. Олар өз мамандықтарымен сабақ беруді жалғастырады. Жоғары оқу орындарында осы мамандықтың бастапқы бірінші, екінші курсында оқып жүрген студенттер басқа мамандыққа ауыса алады», - деп түйді Аймағамбетов.