×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Қаржымин: Каспий құбыры апатынан келетін шығын 100-150 млрд теңге

19.04.2022, 11:59
Фото: ашық дереккөзден

Алдын ала мәліметтер бойынша, Каспий құбыр консорциумындағы апат салдарынан Қазақстан 100-150 млрд теңге жоғалтты, деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

"Шығын 100-150 млрд теңге шегінде бағаланады. Егер тез жойылса, әрине, ол аз болады. Бұл тек КҚК бойынша ғана", - деді Жамаубаев.

Ол дәл қазір шығынды дөп басып айту мүмкін емес екенін нақтылады, өйткені барлығы жөндеу жұмыстары қанша уақытта жүргізілетініне, сондай-ақ қандай да бір санкциялық шаралардың енгізілу, енгізілмеуіне байланысты.

Еске салсақ, Каспий құбыр желісі консорциумы Новороссийсктегі теңіз терминалында екі айлақ қондырғысының жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты Каспий құбыр желісі консорциумы тасымалданатын мұнай көлемін үш есе қысқартуы мүмкін.

Бұған дейін Каспий құбыр концорциумына (КҚК) қарасты алып жүретін кемеаялдамалық құрылғының істен шығуын “Ресейдің қолдан жасап отырғаны” туралы ақпарат тараған еді.

Алайда бұл нұсқаны Энергетика министрі Болат Ақшолақов жоққа шығарған.