Облыс прокуроры, мемлекеттік әділет кеңесшісі Марат Әлиханов өз кабинетінде көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға 2023 жылғы 9 наурызда сағат 12:30-да Түркістан облысы прокуратурасы ғимаратының 7-ші қабатында болған.
Жедел жәрдем келгеннен кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтаған. Алдын ала диагноз – жүрек талмасы.
Марат Әлиханов бұрынғы Целиноград облысының Есіл қаласында 1965 жылы туған.
Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметінен бастаған. Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған. Прокуратура органдарында тәжірибесі мол, оның ішінде басшылық лауазымдарда. ҚР Бас прокуратураның Басқарма мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде және Ақмола облысында құқық қорғау органдарының басшылық құрамында, ҚР Бас көлік прокуроры болып қызмет атқарған.
2020 жылдың ақпанынан бері Түркістан облысының прокуроры болды.