×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Adal+Amanat: 26 сәуірде партияның кезектен тыс съезі өтеді

21.04.2022, 14:09
Фото: ашық дереккөзден

Съезде ADAL партиясының қосылу мәселесі қаралады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 сәуірде Amanat партиясының кезектен тыс съезін шақырды, деп хабарлады бейсенбі күні партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

"Бүгін Amanat партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 26 сәуірге кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады Оралов Facebook-те.

Орловтың айтуынша, съезд онлайн форматта өтеді, оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Қазір орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық шараларын бастады.

"Съезд барысында Adal саяси партиясының Amanat партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда", - деп атап өтті атқарушы хатшы.