×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

«Жұмысқа шықпаймыз»: «Хабар» арнасының журналистері бас көтерді

23.04.2022, 11:08
Фото: Скрин

Телеарнаның бір топ журналисі басшылық алдында қазіргі жалақыларына көңілдері толмайтындарын айтып, бас көтерді деп, хабарлайды ulysmedia.kz.

Журналистердің айтуынша, Агенттікте еңбекақы соңы рет 6 жыл бұрын көтерілген. Аймақтағы тілшілер қосынына 2019 жылы жалақы өседі деп уәде берілген. Бірақ ол орындалмаған. Биыл өзгеріс күтіп жүрген журналистер жалақы тек келесі жылы 30% өсетінін естіген. Бұл жаңалық оларға ұнамай отыр.

«Аймақтар дүйсенбіден жұмысқа шықпайды. Біз де оларға қосыламыз. Оларды қолдаймыз. Келесі жылы 30 пайыз деген күлкілі, бұл бізге ұнамайды. Міне адамдар шықты»,- деді журналистердің бірі.

Олар елдегі қымбашылыққа шағымданды. Еске салсақ, жуырда «Хабар» агенттігінің» Басқарма төрағасы болып Берік Уәли тағайындалды.