×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Алмас Жали Үкіметтің «Креативті индустрия» жобасын басқаратын болады

23.04.2022, 13:58
Коллаж: ulysmedia.kz

Бұл туралы журналиcтермен өткен кездесуде Вице-премьер Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов журналистерге осы аптада қабылданған «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын қысқаша таныстырды. Ауқымды жобада бұрын-соңды айтыла бермейтін бағыттардың бірі – креативті индустрия ұғымы бар. Үкімет креативті индустрияны дамыту арқылы, табыс табуды жолға қоймақ. Оның ішінде креативті хаб құру, креативті индустрияның ЖІӨ-дегі үлесін  5%-ға арттыру,  осы салда 80 мың жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Аудиовизуалды өнер, медиа шығармашылық қызмет, компьютерлік графика бағыттарына басымдық берілмек.  

«Креативті индустрия бұл жаңа бағыт. Қазақстанда жоқ. Бұл жұмыс тобын Алмас Жали басқарады. Алматыға барып жігіттермен кездестім. Оны осы жұмыс тобын басқаруға шақырдым. Әлеуметтік желіде 2 млн-нан астам оқырманы бар.

Мәселен Оңтсүтік Кореялық 11 бозбала IPO-ға шықты. (Авт. - Big Hit Entertainment, BTS) Бізде ірі мұнай команиялары, «Қазақмыстың» өзі IPO-ға шыға алмайды. Жаңағы жігіттер шыға алды. Олар өз айналасында 100 шақты компания құрған. Өздері ән салмаса да маңайларына өнер адамдарын топтасыра алады. Біреуі ән салады, біреу сурет салады. Жылдық табысы 37 млрд доллар», - деді Вице-премьер.

Журналистер тарапынан «Ирина Қайратовнаны» Үкімет қандай да бір жолдармен қаржыландыра ма  деген сауал туындады.

«Еш қаржыландырмайды. Алмас Жали «Отыздан асып барамын» фильмін 8 млн-ға түсіреді, 100 млн етіп қайтып алады. Олар бізден бір тиын да сұрап отырған жоқ. Жобаларды өзіміз жасап отырмыз, сол жобаларды басқаруға оларды шақырып отырмын. Неге десеңіз ол азаматтарды ел біледі. Олар шығып сөйлеген басқа. Жоба басшылығына бірде бір шенеунікті қойып тұрғанымыз жоқ», - деді Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, елде креативті индустрия өз бетімен дамитын болса, ертең Үкімет міне, біздің арқамыз деп сәтті жобаларды әдеттегідей иемденіп кетпей ме деген сауал қойылды.

«Жігіттермен кездескенде, аға бізге көмектесіңіздер,  ғимарат, мүмкін жабдықтар беру, жағдай жасау керек деді. Оларға бөгет жасамауымыз керек, тек жағдай туғызу керек. Бүгінде қаншама жастар бар, идеялары бар, бірақ іске асыра алмайды. Біреуге қондырғысын орналастыратын 5-6 шаршы метр жер керек. Мәселе осыда. Қазақстанда әлемдегі 30 мықты ЖОО-ның қатарына кіретін  ағылшын университетінің бөлімі ашылатын болды. Оларда креативті индустрия бұрыннан дамыған. Оңтүстік Кореяда да солай. Осы тәжірбиелерді ескеріп, бағдарлама құрып жатырмыз. Біз оларды (Авт.- ИК мен Алмас Жали) сол үшін шақырдық. Бір бірімізге көмектесеміз», - деді Тоғжанов.

«Халықтың табысын арттыру» бағдарламасының бір ерекшелігі Үкімет әр бағытты басқарауға хэдлайнерлерді шақырған.  Мысалы, «Бақытты отбасы» бағытын Ырза Тұрсынзада, Жастарды жұмыспен қамту бағытын Саясат Нұрбек, Ауылда кәсіпкерлікті дамытуды Элдар Жұмағазиев мойнына алған. Бір айта кетері, Саясат Нұрбек жетекшілік ететін бағыт бойынша, мектептерде 7 сыныптан бастап мамандық таңдауға бағыттайтын арнайы мұғалімдер жұмыс істейтін болады. Бұл жастардың өз қалауын түсінуге, ертеңгі жұмыссыздықтың алдын алуға сеп болады дейді.

Ауқымды жоба бейсенбі күні әр бағыт жетекшілерінің қатысуымен таныстырылады.

Еске салсақ, өткен сенбіде Премьер-министр Әлихан Смайылов журналистрмен кездесу өткізді. Оған сарапшылар мен журналистер өз бағасын берген болатын. Оқи отырыңыздар: «Когнитивті диссонанс»: Сарапшылар Смайыловтың «жабық» кездесуіне баға берді