Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Amanat» партиясының төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жұмысты жалғастыруға оның ерік-жігері мен білімі жетеді. Жалпы бүгінгі өзгерістер партияның жаңара түсуіне жол ашады. Мен сіздерге сенемін», - деді мемлекет басшысы.
Сөйтіп, Президенттің ұсынуымен «Amanat» партиясының төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды. Айта кетсек елордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Amanat» партиясының съезі өтіп жатыр. Отырыста «Аманат» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдады.