×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Қошанов партия тізгінін берген Тоқаевқа алғыс айтты

26.04.2022, 15:49
Фото: ашық дереккөзден


Президенттің ұсынуымен «Amanat» партиясының төрағасы болып сайланған Ерлан Қошанов мемлекет басшысы мен өзінің жақтастарына алғысын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Осынау тарихи кезеңде партияның жетекшілігін маған сеніп тапсырғаныңыз үшін өзіңізге (президентке) және осы шешімді қолдаған партиядағы әріптестеріме зор алғысымды білдіремін. Мен бұл шешімді үлкен сын әрі үлкен жауапкершілік, аманат деп түсінемін. «Amanat» партиясы – қоғамның тірегі. Қасым-Жомарт Кемелұлы  және әріптестерім сіздерге рахмет. Бізді көп сынақ пен үлкен науқандар күтіп түр. Еліміз бен президентіміздің бізге берген сенімі мен аманатын абыроймен атқарайық», - деді Ерлан Қошанов партия съезінде.

Айта кетсек елордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Amanat» партиясының съезі өтті. Отырыста президент «Amanat» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдады.