×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Adal + Amanat: Саяси ұйымдар бір партияға айналды

26.04.2022, 16:02
Фото: ашық дереккөзден


Adal партиясы Amanat партиясының құрамына енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте, партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды», - деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев партияның съезінде.

Президент Adal партиясының жетекшілеріне маңызды шешім үшін ризашылығын білдірді. 

«Жаңа Қазақстанды құруды бастадық. Бұл ретте партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды. Сондықтан Адал партясының бастамасын қолдап, онымен біріккен жөн деп санаймын. Адал – өз жақтастары бар қалыптасқан партия. Саяси бәсеке артып келе жатқан қазіргі кезеңде мұның айрықша маңызы зор. Маңызды шешім Аманат партиясын дамытуға серпінін тигізеді деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.