×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Мәжіліске 2 ай бұрын барған Саясат Нұрбек басқа комитетке ауысты

27.04.2022, 10:29
Фото: Ашық дереккөзден

Депутат Саясат Нұрбек Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Парламенттің комитеттері мен комиссиялары туралы» ҚР Заңының 17-бабына сәйкес, Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбектен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысуы туралы өтініші келіп түсті. Осыған байланысты депутат Саясат Нұрбектің аталған комитетке ауысуы туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынамын», - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.

Палата депутаттары аталған өтінішке қолдау білдіріп, тиісті шешім қабылдады.  Биыл ақпан айының соңында Парламент Мәжілісіндегі Amanat партиясы фракциясының бос мандаты Саясат Нұрбекке берілген болатын. Ал наурыз айының басында Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаты Саясат Нұрбек ант беріп, палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына енген.